Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 ақпандағы № 59 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26597 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, осы қаулының 1-қосымша 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
| Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
2023 жылғы 14 ақпандағы
№ 59 қаулысына
1-қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 23 қаулысына
1-қосымша
Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||
| болу режимі 9 сағаттық топта | болу режимі 10,5-12 сағаттық топта | санаторлы топта | арнайы топтар | |||
| 1 | қала | 19549 | 42675 | 46189 | 68404 | 81865 |